Көмек қолын созды

Шымкент тұрғыны Қуаныш Агбаев «AMANAT» партиясы Шымкент қала­лық филиалында өткен қо­ғамдық қабыл­дауға келіп, тұрып жатқан үйіне жөндеу жұмыстарын жа­сауға мүм­кін­дігі жоқ екенін айтқан бо­латын. 79 жастағы ана­сы Алима әжей 1992 жыл­дан бері ескі үйде тұрып ке­леді. Жауын-шашынды болған күндері шатырдан су ағады. Қыстыгүні үйдің жылынуы қиын.

Қала тұрғынының бұл өті­нішін Шымкент қалалық мә­слихатының депутаты, мәсли­хат­тағы «AMANAT» партиясы­ның депутаттық фракциясының мүшесі Абзал Ескендірұлы на­зардан тыс қалдырмады. Депу­тат қоғамдық қабылдаудан соң өтініш иесінің үйінде болды. Жағдайды өз көзімен көрген А.Ескендірұлы үйге өз есебінен ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізуге уәде етті. 

Көп ұзамай құрылыс жұмыс­тары басталып кетті. Үйдің ша­тыры түгелдей ауыстырылып, қабыр­ғалары қайта сыланды. Әп-сәт­те жаңа кейіпке енген үйдің ие­лері көмек көрсеткен «AMANAT» фрак­­циясының мүшесіне ерек­ше алғыстарын білдірді. 

Қалалық мәслихат депутаты Абзал Зейнетаев қоғамдағы кө­мекке мұқтаж жандарға ұдайы қол ұшын беріп келеді. Ол әріп­тестерін жақсы істерге мұрын­дық болуға шақырды.

Айта кетейік, партияның қо­ғамдық қабылдау бөлімдеріне өтінішін айтып, көмек сұрап келетіндер саны артып келеді. Былтыр партияның қала­лық филиалына 10 мыңға жуық адам әртүрлі талап-тілегімен кел­се, жыл басынан бері азамат­тар тарапынан 1 150 өтініш жа­сал­ған. Оларды қалалық мәс­ли­хат депутаттары мен сала ма­­­ман­дары қабылдап, мәселе­ле­рін тиісті органдарға жолдап, нақ­ты шешім шығаруға атсалы­сып жатыр. 

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы