Балалардың қауіпсіздігіне баса мән беріледі

«AMANAT» партиясы ба­ла­лардың қауіпсіздігін қам­тамасыз ету мақсатында «Ба­лаларға арналған қауіп­сіз және жайлы инфрақұры­лым» акциясын қолға алды. Бұл шара «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында ұйымдастырылып отыр.

Түрлі деңгейдегі мәслихат­тардағы фракцияның және пар­тиялық бақылау комиссиясының мүшелері білім беру мекеме­леріндегі қауіпсіздік жағдайларын бақылап, бірқатар кемшілігі анықталды. Мәселен, Ақтөбе облыстық мәслихат депутаты Қайрат Сабыр мен партияның Ақтөбе облыстық филиалы ат­қарушы хатшысының орын­ба­сары Әсел Сарманова №39 мек­тепке бақылау жұмыстарын жүргізу барысында қоршауы жоқ екенін анықтады. Кезінде кешен­ді салған уақытта мектептің ар­тындағы қоршауы алынып тас­тал­ған екен. Енді бүгінге дейін ашық күйде тұр. Бұл жерде тұр­ғылықты жері жоқ адамдар мекен етіп, мектеп оқушыларына қауіп төндіреді. Мектеп үйлердің орта­сында орналасқан. Ал жалғыз ғана кіреберіс жолдың алдында «Сара» моншасы және көлік жуу кешені орналасқан. 

«Біздің мақсатымыз – қала аумағындағы ашық жатқан люктерге, аулаларды жарықтан­дыруға, қозғалыс қауіпсіздігіне, мектеп асханаларының тазалы­ғы­на мониторинг жүргізу. Бала­лар­дың қауіпсіздігі әрдайым бас­ты назарда болуы тиіс», – деді Қайрат Сабыр. 

Алдағы аптада «Сара» монша және көлік жуу кешенің иесімен, жергілікті атқарушы органдар­мен, қалалық және облыстық мәс­лихат депутаттары және мек­теп әкімшілігімен бірлесе оты­рып, мектептің қоршауы мен өзге де мәселелер бойынша кездесу жоспарланды.

Ал 11-шағынауданда ор­наласқан №35 мектеп аумағында тікенді сыммен қор­шал­ған жы­лыжай орналасқан. Жылыжайды бұзу немесе шұғыл жөндеу қажет. Сондай-ақ электр желілерін тарту бойынша қауіп бар. Мұны қалалық мәслихат де­путаттары анықтады. Кемшілік­терді жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ