Астанада Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Істі №2 Байқоңыр аудандық соты қарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Қазақпараттың» жазуынша, Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатаң жаза тағайындаған.
«Гүлмира Сатыбалды Қылмыстық кодекстің 389-бабы 4-бөлігі бойынша құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және 6 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Сонымен қатар Гүлмира Сатыбалды Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі 1,8-тармағы және осы баптың 125-бөлігінің 2-тармағы бойынша құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын», – деді судья Кемеңгер Имашев.
Судья Г.Сатыбалдыға Қылмыстық кодекстің 58-бабы 3-бөлігі негізінде барынша қатаң жаза тағайындалғанын айтты.
«Гүлмира Сатыбалдыға 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 49-бабы негізінде Президентке мемлекеттік награда – «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізілсін», – делінген сот үкімінде.
Айта кетейік, бұған дейін Гүлмира Сатыбалды ісінде жәбірленуші тараптың арыз-шағымы туралы жазған болатынбыз.