Бүгін жедел іздестіру нәтижесінде, ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері 5 айлық екі арыстанды заңсыз ұстаған 2001 жылғы А. есімді азаматтың жасырын әрекетін әшкереледі. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 339-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық бойынша Қарасай ауданының полициясында тіркелді.
Полиция қызметкерлері тексеруден кейін арыстандарды тәркіледі.
Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.