Әлем чемпионатында Қамшыбек Коңқабаев Олимпиада чемпионын нокдаунмен жеңді – Видео

Қоңқабаев Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді.

92 келіден жоғары салмақта  Қоңқабаев ресейлік аса ауыр салмақтағы Алексей Дроновпен қолғап түйістіріп, оны төрешілердің шешімімен жеңді.Үшінші раундта Дронов нокдаунға түскен.

Осылайша, Қамшыбек Күнқабаев турнирдің келесі кезеңіне өтті.