Алда келе жатқан 7 және 9 мамырда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Мерекеге байланысты 7 және 9 мамырда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктінен адамдар, көліктер мен жүк өткізілмейді.
Қазақ-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді.
Комитет тасымалдаушылардан және шекараны кесіп өтуді жоспарлап отырған барша көпшіліктен шектеулерді ескере отырып, өз бағытын алдын ала жоспарлауын сұрайды.
Фото: sputnik.kz