«AMANAT»: «Қарызсыз қоғам» борышкерлерге қарыздан құтылуға жол көрсетеді

«AMANAT» партиясы Halyk Bank-пен бірге халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасын іске қосқан болатын.

 Батыс Қазақстан облысына қарасты Теректі ауданында  ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов жоба қатысушыларымен кездесіп, қаржылық сауаттылықты арттыру бағдарламасы бойынша оқуын аяқтағаны туралы сертификат табыстады.

 Алтай Көлгінов «Қарызсыз қоғам» жобасының маңыздылығына тоқталып өтті. Ол қаржылық сауатсыздық еліміздегі әлеуметтік мәселелердің бірі саналатынын алға тартты.

 Сондай-ақ оқу барысында қаржы мамандарынан бөлек, заңгерлердің де көмегі ұсынылады. Олар әр тұрғынның несие тарихын жеке зерттеп, қарыз жүктемесін азайту бойынша құқықтық кеңестер береді.

 Жоба биыл мамыр айында басталып,  қараша айына дейін жалғасады. Кез келген ниет білдіруші жобаға қатыса алады. Тіркелу үшін тұрғылықты жердегі «AMANAT»-тың аудандық филиалына хабарласу қажет.