Жолаушыдан алтын құймалар табылған. Оның жалпы салмағы 1,5 келіні, ал құны шамамен 41 миллион теңгеге шыққан. Бұл туралы Мемлекет кірістер комитеті хабарлаған.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 мамырда Шымкент-Ыстамбұл бағытындағы халықаралық рейске кедендік бақылауды жүргізу барысында бекет мамандары, шекара қызметі және әуежайдың әуе қауіпсіздігінің қызметкерлері бірлесіп, заңсыз тасымалдаудың жолын кесті.
Қазақстандық жолаушының жүгінен жалпы салмағы 1,434 келіні құраған алтын құймалар табылды. Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша тауардың құны 41 миллион теңгеге бағаланған.
Мемлекеттік кірістер комитетінде бағалы металдар үшін ЕАЭО кедендік аумағынан әкелу мен әкетудің рұқсат етілген тәртібі бар екенін еске салды. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 234-бабы 1-бөлігімен тіркелді. Іс материалдары сотта қаралу үшін Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу басқармасына жіберілді.
фото: zakon.kz