Астанада ер адам көпірден секірмек болды

Астана полицейлері көпірден секірмек болған ер адамды құтқарды

Бұл туралы Рolisia.kz хабарлады. Олардың айтуынша,  қоңырау оқиға куәгерлерінен 5 мамыр күні таңғы сағат 8 шамасында «102» арнасына түскен. Ер адам  Янушкевич көшесінің бойында көпірден секіруге оқталып тұрған екен. 

Оқиға орнына жақын маңда кезекшілікте жүрген патрульдік полиция қызметкерлері дереу жетті. Ол уақытта ер адам көпірден секіруге дайын тұрған.

«Полиция қызметкері Серғазы Баянбаев жағдайды бағалап, әрекет етуді өз қолына алды. Ол ер адамға жылдам жүгіріп барып, құшақтай салып, қауіпті аймақтан суырып алды. Алайда ер адам полицейдің қолынан босап шыққан. Көмекке қасындағы полицей Айдос Сүлейменов ұмтылды. Олар ер адамды жұбатып, оны Алматы ауданының Полиция басқармасына жеткізді», - делінген полиция хабарламасында.

31 жастағы ер адамды мұндай әрекетке не итермелегенін полицейлер анықтап жатыр.

фото: sn.kz