Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстанда білім беру ұйымдарында әйелдердің үлесі басым.

Білім саласында 91 496 ер педагог бар, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығының мәліметінше, білім беру мекемелерінде 91 496 ер педагог жұмыс істейді.

Атап айтқанда:

– 13 488-і колледждерде,

– 75 362-сі мектептерде,

– 2 646-сы мектепке дейінгі ұйымдарда еңбек етеді.

Бұған дейін «Ер мұғалім көбеймей, мектептің «мұңы» бітер ме?» деген мәселені жазған болатынбыз.

Фото: freepik.com