Бүгін шаршы алаңға шыққан Сәкен Бибосынов жеңіліп, жарыстан жарты жолдан шығып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстанның Бокс федерациясы даулы жекпе-жектің ақ-қарасын ажырату үшін IBA президентіне шағымданды.
«Халықаралық бокс федерациясының (IBA) президенті Умар Кремлевтің атына Сәкен Бибосыновтың жекпе-жегіндегі төрешілердің даулы шешіміне қатысты ресми шағым жолданды. Қазір IBA басшылығынан жауап күтіп отырмыз», – деп хабарлады федерациядан.
Бұған дейін Сәкен Бибосыновтың жеңіліп қалғаны туралы хабарлаған болатынбыз.