Әлем чемпионаты: Өзбекстанда Қамшыбек Қоңқабаев жеңіске жетті

Ташкентте бокстан әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Қазақ елінің намысын қорғаған Қамшыбек Қоңқабаев қарсыласын жеңіп, ширек финалға өтті.

Ол 92 келі+ салмақ дәрежесінде сириялық Мохаммед Млайеспен жұдырықтасты. Төрешілердің шешімімен Қамшыбек Қоңқабаев келесі кезеңге өтті. 

Бұған дейін Өзбекстанда жеңіліп қалған беткеұстар боксшы IBA президентінен араша сұрағаны туралы жазған болатынбыз.

Айта кетейік, бүгін боксшы Нұрқанат Райыс та әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды.