Қытайда көмір шахтасында болған апаттан 5 адам мерт болды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, сенбі күні кешке Қытайдың оңтүстік-батысында орналасқан Юньнань провинциясындағы көмір шахтасында болған апаттан 5 адам қаза тапқан. Апат Лопин уезіндегі «Шугэньтянь» шахтасында 22 кенші жер астында болған кезде, жергілікті уақыт бойынша сағат 21:10-да болған. Құтқарушылар үйінді астынан бес кеншінің денесін алып шықты, тағы 17 адам құтқарылды. Қазір апаттың мән-жайы анықталуда.