"Құрметті отандастар!
Ардақты ардагерлер!
Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
9 мамыр – жанкешті ерлік пен қайсар рухтың салтанат құрған күні.
Бүгінгі бейбіт өміріміз, тыныштық пен тұрақтылығымыз осы жеңістің жемісі, ардагерлеріміздің қажыр-қайратының арқасы.
Отан үшін от кешкен даңқты бабаларымыздың ерлігін еске алып, рухына тағзым ету – өскелең ұрпақтың парызы.
Мемлекет басшысы ардагерлерге жан-жақты қолдау көрсетіліп, олар қоғамның қамқорлығына бөленуге тиіс деген болатын. Сондықтан соғыс және тыл ардагерлерінің ерен еңбегін еш уақытта ұмытпай, оларға бас июіміз керек.
Баршаңызға зор денсаулық, жақсылық пен бақ-береке тілеймін!
Аспанымыз ашық, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!" делінген Мәжіліс төрағасының құттықтауында.