Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 680 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында болған. Энергетикалық санаты – 11.0. MPV тербелісі – 5,1. Тереңдігі – 120 шақырым.
Алматыда жерасты дүмпуі сезілген жоқ.