Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында екінші жекпе-жегін өткізді.
54 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда Сабырхан жастар арасында әлем чемпионы атанған үндістандық Сачин Сивачпен кездесіп, оны төрешілер шешімімен жеңді.
Осылайша, Махмұд Сабырхан әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Бұған дейін қазақстандық венгр Иштван Сакуды жеңген болатын.