Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына жасаған жұмыс сапары аясында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу өткізіп, жан-жақты әңгімелесті. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ өзара құрмет пен екі ел халықтарының мүддесіне негізделген сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстардың маңызды бағыттары бойынша серіктестікті одан әрі дамыту қажеттігі атап өтілді.