Дулат Бекбауов әлем чемпионатында үндістандық қарсыласын жеңді

Бекбауов 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында екінші жекпе-жегін өткізді.

67 келіге дейінгі 1/8 финалда Бекбауов үндістандық Акаш Сангванмен жұдырықтасып, бірауызды төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Дулат Бекбауов Қазақстан құрамасы сапында 2023 жылғы әлем чемпионатының кезекті ширек финалшысы атанды. Бекбауов 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Сондай-ақ өткен жылы ол «кіші әлем чемпионатында» (Странджа кубогында) күміс жүлдегер атанды.