Жүк көлігі қаққан қыз оқиға орнында қаза тапты

Қызылорда қаласында жүк көлігі қызды қағып кетті.

Қызылорда қаласында «КамАЗ» жүк көлігі жасөспірім қызды қағып кеткен. Ол оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасы анықтау бөлімі бастығының орынбасары Бағдат Жансұлтановтың айутынша, кінәлі жүргізуші ұсталды. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот сараптамасы тағайындалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Бұған дейін Жетісу облысында жол апатынан жолаушы әйелдің қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз.