Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады.
Еліміздің өзге аймақтарында күн жауын-шашынсыз. Республика бойынша жел күшейеді, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі, күндіз республикамыздың солтүстік-батысында бұршақ жауады.
Түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, күндіз Қостанай облысының орталығында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады.
Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.
Қостанай облысының орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада күн жауын-шашынсыз, ашық болады. Ауа температурасы күндіз +21...+23 градусқа дейін көтерілсе, түнде +11...+13 градусқа дейін төмендейді. Жел секундына 9-14 метрге дейін күшеюі мүмкін.
Алматыда да сәрсенбіде жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. Күндіз ауа температурасы +27...+29 градусқа дейін көтерілсе, түнде +14...+16 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 2-7 м/с.
Шымкентте де бүгін жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. Күндіз +31...+33 градусқа дейін ыстық болса, түнде ауа температурасы +15...+17 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5-10 м/с.