«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов пара алу күдігімен қамауға алынды. Бұл туралы Антикордан мәлімдеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі растады.
«Ақпаратты растаймыз. Әзірге мән-жайын ашып айта алмаймыз, таңертең толық ақпарат беруге тырысамыз», – деді Антикор төрағасының кеңесшісі Арман Тілеукенов.