Білім сапасына бақылау жүргізді

Ақтөбе облыстық мәсли­хатындағы «AMANAT» пар­тия­сының депутаттық фрак­циясы мүшелері Ақтөбе қа­ласының барлық жалпы білім беретін мектебін ара­лай бастады. Депутаттық топ­ рейдтерінің не­гізгі мақ­саты – білім сапасы мен оқу орындары ғимарат­та­рының жағдайына мони­торинг жүргізу.

Сапар барысында депутаттар балаларға қажетті жағдай жа­салуына баса көңіл бөлуде. Олар ғимараттардың сыртқы және ішкі жайына, шатырлары мен оқу сыныптарының, спорт залы, акт залы мен асхана блогының жағ­дайын жіті бақылауда. Облыстық ПД-нің ЖБО-на ақпарат беретін турникеттер мен бейнекамера­лардың болуына, еңбек бойынша шеберханалар мен нақты пәндер (химия, физика, биология) каби­неттерінің жабдықталуына назар аударылды. Бұл тұста оқу орын­дарындағы мәселелер ауқымы кең екенін айта кету керек. Жы­лыту жүйелерін күрделі жөндеу, шатыр мен электр сымдарын ауыстырудан бастап спорттық жабдықтармен жабдықталу деңгейіне дейін шешуді талап ететін мәселелер бар. Мысалы, №26 орта мектепте жылу жүйесі өте қиын жағдайда, ал №23 орта мектепте электр сымдарын толы­ғымен ауыстыру қажет. Мектеп директорларының барлығы дер­лік көшедегі спорт алаңдарын жаңарту қажеттілігі туралы баян­дады. Кейбір мектептердегі ой салатын тағы да бір мәселе – акт залдары мен асханалардың бі­рік­тірілуі, бұл оқу орындарының жұ­­мысында белгілі бір қиындық­тар туғызатыны сөзсіз.

Облыстық мәслихат депу­таттары тәрбие үрдісіне, психо­логтер кабинеттерінің жұмы­сы­на, темекі шегудің және элек­трон­­ды темекіні (вейптерді) пай­­да­лану­дың алдын алуға ерек­ше назар аударуда. Кездесулер барысында педагогтер өз ұсы­ныс­тарын жет­кізді. Олардың ай­туынша, мектеп бағдарлама­сына жеке пән ретінде сызу са­бақ­тарын қайтару – өзекті мәселелердің бірі. Тексеру қоры­тын­дысында барлық жалпы білім беретін мектепке бақылау жұмы­сының қорытындысы бойынша талдау жасалып, бірінші кезекте шешілуі қажет мәселелер айқын­далмақ.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ