Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына қазақ елінен 5 боксшы өтті.
Жолдама алған боксшылар саны жағынан 9 боксшысы жартылай финалға өткен Өзбекстан құрамасы алда тұр. Одан кейін Куба мен Ресейден 6 спортшыдан бақ сынайды. Қазақстан бес боксшымен төртінші болып тұр.
Грузия, Үндістан, Франция және Испаниядан – 3 боксшы, Армения, Моңғолия, Бразилия, Әзербайжан – 2, Қырғызстан, Иордания, Тәжікстан, Қытай, Мексика және Италия бір-бір спортшысы жарысқа қатысады.
Қазақстан боксшыларының жартылай финалдағы қарсыластары мыналар:
- Санжар Тәшкенбай (48 келі) – таиландтық Вуттичай Юрачай.
- Махмуд Сабырхан (54 келі) – кубалық Йосвани Вейти.
- Дулат Бекбауов (67 келі) – грузин Лаша Гурули.
- Асланбек Шымбергенов (71 келі) – үндістандық Нишант Дево.
- Нұрбек Оралбай (80 келі) ресейлік Имам Хатаевпен жұдырықтасады.
Жартылай финал 12 мамырда өтеді. 13-14 мамыр күндері финалда әлем чемпиондары анықталады.