Агенттік мектепте ақша жинағаны туралы фактіні хабарлауды сұрайды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жемқорлық туралы хабарлаған адамның жеке дерегін құпия ұстайды.

Жетісу облысы бойынша департаментінің өкілдері мектепте ақша жинау фактілері туралы хабарлауды сұрайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«Оқу жылы аяқталғанда мектептерде түлектер үшін кеш ұйымдастыру жоспарланады. Сондай-ақ мұғалімдерге сыйлықтар алу үшін ақша жинау қаупі бар. Осыған орай азаматтарға мұндай әрекеттерге бару заңмен қатаң тыйым салынғанын айта кету маңызды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» заңының 22-бабы 1-1 тармағына сәйкес мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылатынын ескертеміз», – делінген ресми хабарламада.

Жемқорлық туралы 1424 Call-орталығына хабарлауға болады.

Азаматтардың барлық өтініші міндетті түрде қаралады. Факті анықталса, жауапқа тартылады.