Оқиға бүгін түнгі сағат 04.21 шамасында Атырау қаласында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Полиция басқармасының автопатрульдік экипажы Наурызалиев көшесінде үйдің жанынан өртеніп жатқан Lexus RX-300 автокөлігін көрді.
Polisia.kz-тің дерегінше, оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл жеткен. Жарылыс болған жоқ. Болған оқиғаның себеп-салдары тергеуден соң анықталады.
Жәбірленушінің өтініші ҚК-нің 202-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелген.
«Қазақпараттың» жазуынша, көлік журналист Виктор Сутягинге тиесілі. Ол күдіктінің түн ортасында келгенін бейнекамерадан көргенін айтқан.