Бүгін бірнеше өңірде жаңбыр жауады

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 12 мамырда ауа райы құбылмалы болады.

Атмосфералық фронт әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Күндіз батыста бұршақ жауады.

Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста, солтүстікте тұман болжанады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының солтүстігінде, Қостанай облысының шығысында 2 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі бар.