Ташкент қаласында ерлер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Дулат Бекбауов финалға шықты.
Қазақстандық спортшы 67 келіге дейінгі салмақта грузиялық Лаша Гурулимен шеберлік байқасты.
Бірінші кезеңде төрешілердің бәрі Дулат басым деп тапты. Екінші раундта да солай болды.
Қорытынды есеп – 5:0, жекпе-жек Дулаттың пайдасына шешілді.
Бүгін кешкі сессияда Қазақстаннан ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов пен Нұрбек Оралбай рингке шығады.