Бокстан ӘЧ: Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны финалға шықты

Азия чемпионы Асланбек Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақта үндістандық Дев Нишантпен рингке шықты.

Ташкентте ерлер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов финалға шықты.

Азия чемпионы Асланбек Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақта үндістандық Дев Нишантпен рингке шықты.

Бірінші раундта бес төрешінің үшеуі қазақстандық боксшыға басымдық берді. Екінші кезеңде ештеңе өзгерген жоқ. Ақыры ол ұпай санымен жеңіске жетті.

Бүгін енді Қазақстаннан Нұрбек Оралбай финалға шығу үшін таласады.