Нұрбек Оралбай ресейлік қарсыласын жеңіп, әлем чемпионатының финалына шықты

Оралбай 2018 жылы жастар арасындағы әлем чемпионы атанған

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай 2023 жылы Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында жартылай финалдық кездесуін өткізді.

Жартылай финалда Оралбай ресейлік Имам Хатаевпен кездесіп, төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша Нұрбек Оралбай әлем чемпионатының финалына шығып, онда алтын медаль үшін таласса, Имам Хатаев жарыстың қола жүлдегері атанды. Оралбай 2018 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған.