Сирия әскері Идлиб үстімен ұшқан кез келген нысанды атып түсіреді
Сирия әскері Идлиб үстімен ұшқан кез келген нысанды атып түсіреді
© Сурет ғаламтордан
Сирия армиясының басшылығы Идлиб провинциясының әуе кеңістігінің жабылуы туралы жариялады, – деп хабарлайды РИА Новости.
 "Біздің әуе кеңістігімізді бұзған кез келген ұшақ олардың міндеттерін орындауға жол бермеу мақсатында жау ретінде қабылданады", — делінген хабарламада.
Сириялық БАҚ мәліметтері бойынша, Түрік Қарулы Күштері Идлиб пен оның төңірегіндегі үкімет әскеріне шабуылын жалғастырып жатыр. "Түркия Сирия армиясының соққысынан террористерді құтқарып жатыр. Бұл Түркия бұрын қол жеткізген барлық уағдаластықтарды, соның ішінде Сочи келісімін сақтамағанын растайды", — делінген мәлімдемеде. Бір апта бұрын содырлар Түркия ҚК артиллериясының қолдауымен Сирия армиясының Килинас және Найраб ауданында қорғанысын бұзып өтті. Түркия Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Идлибте әуе шабуылынан екі түрік әскери қаза тауып, тағы бесеуі жараланды. Қарсылас тараптарды татуластыру орталығы Анкараны лаңкестерді қолдауды тоқтатуға шақырды. Аймақты оқиға 27 ақпанда шиеленісе бастаған болатын. "Хайят Тахрир аш-Шам" лаңкестері сириялық үкімет әскері позициясында ауқымды шабуыл жасады. САР әскері қарсы оқ атуға кірісті. Атыста ол жерде болуы тиіс емес 36 түрік жауынгері қаза тапты, тағы 30-ы жараланды.