Дулат Бекбауов бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері болды

Бұған дейін финалда грузиялық боксшымен қолғап түйістірген Санжар Тәшкенбай ел қоржынына алғашқы "алтынды" салған еді.

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.
 
67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық өзбек боксшысы Асадхудж Муйдинхуджаевтен жеңіліп қалды.
 
Айта кетсек, бұған дейін финалда грузиялық боксшымен қолғап түйістірген Санжар Тәшкенбай ел қоржынына алғашқы "алтынды" салған еді.
Қалған үш боксшымыз алтын жүлде үшін ертең таласады Махмұд Сабырхан (54 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі) және Нұрбек Оралбай (80 келі).