Еске сала кетсек, бүгін 12 раундқа есептелген кездесу 2-раундта аяқталған еді. Жәнібек қарсыласын екі рет нокдаунға, кейін нокаутқа жіберді. Осылайша, қазақстандық WBO чемпионы атағын екінші рет қорғап қалды.
"Чемпиондар мен супержұлдыздар, қайдасыңдар? Мен сендерге бара жатырмын. Жекпе-жекке шығайық. Мен орта салмақтың королімін! Келесі кім?!
Кез келген күні шығамын, тіпті ертең шығамын десеңдер де әзірмін. Кез келген салмақтағы кез келген қарсыласпен жұдырықтасуға дайынмын», – деді Жәнібек Әлімханұлы.