Махмұд Сабырхан бокстан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық боксшы мұның алдында Куба, Гана, Үндістан мен Мажарстан спортшыларын ұтқан.

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан 2023 жылы Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті.

54 келі салмақта «алтын» үшін белдесуде Сабырхан өзбекстандық Ойбек Джураевпен кездесті. Махмұд Сабырхан үшінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Қазақстандық боксшы мұның алдында Куба, Гана, Үндістан мен Мажарстан спортшыларын ұтқан.

Осылайша, Махмұд Сабырхан Санжар Тәшкенбайдан кейін Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды.

Бүгін сондай-ақ Қазақстаннан Асланбек Шымбергенов пен Нұрбек Оралбай финалда өнер көрсетеді.