15 мамырда еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Көкшетауда 15 мамырда түнде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.

Алматыда күндіз найзағай ойнайды.

15 мамырда түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік жүреді.

Көкшетауда 15 мамырда түнде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді.

15 мамырда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнайды.

15 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман түседі. Батыстан жел соғады күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

15 мамырда түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

15 мамырда Абай облысында жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыстың батысында 1 градус үсік жүреді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік жүреді.

Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Түркістанда 15 мамырда солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

15 мамырда Қызылорда облысының батысында, орталығында найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с-ке жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылордада 15 мамырда төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз 15 мамырда Маңғыстау облысының шығысында кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Түнде 15 мамырда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік жүреді.

Астанада түнде 15 мамырда топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

15 мамырда Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с.

Талдықорғанда 15 мамырда түнде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

15-16 мамырда түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, 3 градус үсік жүреді.

Павлодарда 15 мамырда түнде топырақтың бетінде 3 градус үсік жүреді.