Қаңтар оқиғасы: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 11 қызметкері қылмыстық жауапқа тартылып жатыр

Қаңтар оқиғасына қатысты тергеу әлі жүргізіліп жатыр.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 11 қызметкері қылмыстық жауапқа тартылатыны туралы Мәжілістің жалпы отырысында ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«ҚазАқпараттың» дерегінше, кейбір іс бойынша тергеу аяқталды. 

«Қазіргі кезде Ұлттық қауіпсіздік комитетінде 11 қызметкер қылмыстық жауапқа тартылып жатыр. Кейбір істер бойынша тергеу аяқталды, кінәлілер (Қаңтар оқиғасында қудалауға байланысты) қылмыстық жауапқа тартылды», – деді Марат Қалқабаев.

Бұған дейін Президент Қаңтар оқиғасы кезінде қызметіне салғырт қараған департамент басшылары туралы айтқан еді.