Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова брифингте оқу жылының соңында мектепте қаржы жинауға тыйым салынғанын тағы ескертті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Қазақпараттың» дерегінше, 9-11-сынып түлектері бітіру емтиханын тапсырады. 9-сыныпты бітірушілер қорытынды мектеп емтихандарын 2-13 маусым аралығында өткізеді. 11-сынып мемлекеттік емтиханды 5-19 маусым арасында тапсырады. Аттестат 20-22 маусым күндері тапсырылады.
«Мектеп бітіруші түлектер сән-салтанатты кеш өткізу немесе сыйлық үшін ақша жинауға, аниматорлар, мерекелік кеш ұйымдастыратын агенттіктерді, жеке студияларды жалдап шақыру үшін қаражат жинауға тыйым салынады», – деді вице-министр Шолпан Каринова.
Бұған дейін Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы тікұшаққа тапсырыс берген ата-аналар бар екені туралы айтқан еді.