АҚШ пен «Талибан» келісімі: 5 мың тұтқын босатылады
АҚШ пен «Талибан» келісімі: 5 мың тұтқын босатылады
Фото: Интернеттен алынды
184
оқылды
АҚШ пен «Талибан» қозғалысы Катарда бейбіт келісімге қол қойды, – деп жазады 24.kz. Келісімге сай АҚШ 135 күн ішінде ауған жеріндегі 5 әскери базасынан әскерін әкетуі тиіс. Бұған қоса, келісімде көрсетілгендей, тараптар тұтқындармен алмаспақ. Дәлірек айтқанда, АҚШ пен Ауғанстан 10 наурызға дейін 5 мың тұтқынды босатса, тәліптер мың адамды түрмеден шығармақ. Еске сала кетейік, екі тарап өзара келісімге келу үшін бір жылдан аса уақыт қажет болды. Сарапшылардың айтуынша, жаңа құжат Ауғанстандағы ұзақ жылдар бойы жалғасып келген соғыстың аяқталуына алғашқы қадам болуы мүмкін.