Өтіп бара жатқан пойызға тас лақтырған алматылықты жауапқа тартты

34 жастағы тұрғын пойызға тас лақтырған.

Алматы облысында ер адам теміржолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп, жүк пойызына тас лақтырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Polisia.kz-тің дерегінше, 13 мамыр күні Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасына жүк пойызының машинисі теміржолда адамды кездестірген соң пойызды шұғыл тежегені туралы хабарлама келіп түсті. Пойыз 7 минутқа тоқтады. 

Пойызға кедергі келтірген адам Шамалған станциясының өткелінен өтіп бара жатып жүк пойызына тас лақтырып, кейін қашып кеткен.

Алматы облысының 34 жастағы тұрғыны ұсталды.

ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабы 5-бөлігі мен 434-бабы 1-бөлігі бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды. Ұсақ бұзақылық бойынша іс шешім қабылдау үшін Алматы облысы Қарасай аудандық сотына жолданды.