Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазының анасы өмірден өтті.
Бұл туралы журналист Нұртай Лахан әлеуметтік желіде хабарлады.
"Жақында ғана қапияда, белгісіз жағдайда қаза тапқан жас өскін Әлихан Серікзатұлының әжесі Сәжида ана да «жарық жалғанға қош айтыпты» деген жаманат хабар келді. Жан дегендегі жалғыз ұлынан, аяулы анасынан айырылудың қандай екені айтпаса да түсінікті. Серікзат досым, қайғыны қара нар ғана көтереді деуші еді. Сен де нардың жүгін көтеріп жүрген азаматсың ғой. Бекем бол! Қайғыңа ортақпын!", – деп жазды ол.