ИРНА агенттігінің хабарлауынша, Иранда 54 адам коронавирустан көз жұмды. Соңғы тәулікте тағы 385 адам вирус жұқтырған. Бұл жөнінде Иран Ислам Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Киануш Джаханпур мәлімдеді. Оның айтуынша, Иранда инфекция жұқтырғандардың жалпы саны – 978. Оның ішінде, жүзден астам адам аурудан жазылған, 54 адам қайтыс болған. «Жаңадан вирус деректерінің көпшілігі, яғни 170-і Тегеранда тіркеліп отыр. Кум – 30, Гилян – 28, Исфахан – 13, Маркази провинциясы – 14, Мазендеран – 11, Оңтүстік Хорасан – 2, Илам – 1, Фарс провинциясы – 8, Хорасан Разави – 17, Керманшах – 2, Лорестан – 8, Хормозган – 2, Хамадан – 3, Альборз – 31, Семнан – 3, Керман – 2, Күрдістан – 5, Хузестан – 9, Систан және Белуджистан провинциясында біреу болды. Оның ішінде 11 адам қайтыс болды», – деді.