Қызылордада сәбиді парафинмен күйдірген массажист әйелге қатысты іс қозғалды

Бала үшінші дәрежелі күйік алып, ауруханаға жатқызылған.

Қызылорда қаласында сәбиді парафинмен күйдірген массажист әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Бұл оқиға жөнінде әлеуметтік желі беттерінде жарияланды. Онда массажист әйелдің сәбиді парафинмен күйдіріп алғаны айтылады. Бала үшінші дәрежелі күйік алып, ауруханаға жатқызылған.

Қызылорда қалалық полиция басқармасы аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен (қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтiн жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету дерегі бойынша) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу деректерін жария етуге жол берілмейді», – деп жазылған хабарламада.