Білім саласындағы мәселелер қаралды

«АMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиа­лының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыс әкімдігі Білім басқармасының бөлім басшысы Күлзира Дәрі­бае­ва азаматтарды қабыл­дады.

Тараз қаласының тұрғыны, І топ мүгедегі қабылдауға келіп, инклюзивті білім алатын оқу­шылардың жазғы демалысында лагерьлерге жолдама беру ту­ралы ұсынысын айтты. 

Тағы бір қала тұрғыны, қо­ғам­дық бірлестік мүшесі қорған­шылық, қамқоршылық маман­дарымен білім саласы бойынша бірлескен «дөңгелек үстел» ұйым­дастыруға ұсынысын білдірді.

Сондай-ақ қабылдауда өті­ніш иелері балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету мә­селесі бойынша да сауалдарын қойды. 

Білім басқарамасынан кел­ген өкіл Күлзира Лесбайқызы өтініш иелерінің сұрақтары бойынша заң аясында толық­қан­ды түсініктеме беріп, айтыл­ған ұсыныстар басқарма наза­рын­да болатынын жеткізді.

Асыл ТҰМАР