Еңбек адамының мүддесі ескеріледі

«AMANAT» партиясы Түр­кістан облыстық филиалы­ның қоғамдық қабылдау бөл­месінде Түркістан облы­сы бақылау жөніндегі бас­қарма басшысы Берік Ибадуллаев азаматтардың арыз-өтініштері бойынша онлайн-офлайн форматта қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген тұрғын­дардың бірі түркістандық Ж.Биетаева әлдебір азаматтың Атырау қаласындағы Теңіз вах­талық жұмыс орнында жұмыс берушімін деп, киім мен аяқ­киімге ақша алып, ақыр соңын­да алдап-соққанын айтты. Тұр­ғынның өтініші бойынша құқық қорғау органдарына шағымдану қажеттігі түсіндіріліп, қосымша партия филиалына арызы қа­былданып, тиісті жұмыстар жүргізілетін болды.

Сонымен қатар Отырар ау­даны Маяқұм ауылдық округі Қостерек ауылының бір топ тұрғыны еңбекақы ала алмай, сонымен қатар зейнетақы, сақ­тандыру төлемдері төленбей жат­қандығы жөніндегі ұжым­дық арызын білдірді. Бұл арыз­дары бойынша оларға жұмысқа қа­былдану жөніндегі бұйрық­тарын қоса тіркеп, Түркістан облысы бақылау жөніндегі бас­қармасына арыз жазу қажеттігі түсіндірілді. Басқарма тарапы­нан бақылауға алынып, азамат­тардың арызы негізінде тексеру жұмыстары жүргізілетін болды, ал зейнетақы, сақтандыру тө­лемдері мәселесі бойынша са­лық органына шағымдану ке­ректігі айтылды.

Қоғамдық қабылдауға кел­ген енді бір азамат, Сауран ауда­нының тұрғыны Б.Тұрғанәлиев былтыр Түркістан қаласында жағажай құрылысында еңбек етіп, ондағы бір айлық еңбек­ақысын ала алмай жүргені жө­нінде шағымданды. Оның ары­зы бойынша дәлелді айғақ­тарымен сотқа шағымдану қа­жеттігі түсіндірілді.

Осылайша, аудан тұр­ғындарын мазалаған бірқатар проблема анықталып, олардың жазбаша өтініштері бойынша қосымша жұмыстар жүргізетін болды.

Асыл ТҰМАР