Жылу ақысы қайта есептеледі

«AMANAT» партиясы Пав­лодар облыстық филиа­лы­ның атқарушы хатшысы Айгүл Маликованың қаты­суымен өткен Екібастұз қа­ла­лық филиалының депу­таттық фракциясы отырысы өтті.

Онда абаттандыру, жол­­дарды асфальттау, ба­ла­ларға арналған ойын алаң­­дарын орнату, жарық­тан­дыру мәселелері талқы­ланды. Сондай-ақ са­й­лау­алды бағдарламаның орын­далуы бойынша әлеуметтік, білім беру нысандарының құрылыс қарқыны жөнінде құзіретті мемлекеттік ор­ган­дардың баяндамалары тыңдалды.

«Республикалық сайлауалды штабтың тапсырмасына қатыс­ты 2022-2023 жылдардағы жы­лыту маусымы кезеңінде қо­сымша электр және су жылыт­қыш­­тарын пайдалануға байла­нысты электр энергиясы үшін шы­ғынды өтеу мәселесі бойынша «Павло­дар­энерго» АҚ-на депутаттық сұрау жі­бе­рілді. Аталмыш мекеменің бас директорының жауабына сәй­кес, 2022 жылғы желтоқсан­нан 2023 жылғы наурызға дейін тұр­ғындарға есептеуді 70 пайызға төмендету жолымен ай сайын жылу энергиясы бойынша қайта есептеу жүргізілді. Бұл мәселе де­путаттық фракцияның жіті ба­қы­лауында», – деді қалалық депут­таттық фракцияның же­текшісі Мариям Маликова.

Сонымен қатар меди­ци­на­лық мекемелер ғимаратының құры­лыс қарқыны да сөз болды. Об­лыста 2023-2024 жылдарға 7 жобаны іске асыру жоспар­лануда. 

Облыс әкімдігінің Ден­сау­лық сақтау басқармасы Ә.Мар­ғұлан атындағы ауылдық округ­те меди­циналық пункт құры­лысы үшін «ГрадСтройСервис» ЖШС-мен шарт жасалғанын хабарлады. Олар құрылысты жыл соңына дейін аяқтауға міндетті. Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту бағдар­ламасы бойынша Құры­лысшы және Бәйет ауылдарында меди­циналық нысандардың құ­ры­­лысы жоспарланған.

Асыл ТҰМАР