Жатақхана құрылысындағы кемшіліктер анықталды

Петропавлдағы олимпиа­далық резервтің мамандан­дырылған мектеп-интер­наты-колледжіне арналған 244 орындық жатақхана құ­рылысы биылғы қыркүйекке дейін аяқталуы керек еді.

Алайда «AMANAT» партиясы өкілдері мердігер ұйымның белгіленген мерзімде құры­лысты бітіре алмауы мүмкін деп қауіптенеді. 

Мониторингтік топ орын­даған жұмыстарды қарау кезінде белгілі бір кемшіліктерді анық­тады. 

«Мониторингке барған кезде 15 адам жұмысқа кірісті, дегенмен талаптарға сәйкес нысанда 44 адам болуы керек. Бұл мәселені пар­тиялықтар мердігер ұйым өкіл­дерімен әңгімелесу бары­сын­­да бірнеше рет көтерді. Со­ны­мен қатар құрылыс мате­риал­дарын уақытылы жеткізу мә­се­лесі де бар. Мұның бәрі объектіні пай­да­лануға беру мерзіміне және орын­далатын жұмыстардың сапасына айтарлықтай әсер етеді», – деді партияның мо­ни­торингтік тобының мүшесі Александр Зель.

Айта кетейік, былтырғы жел­тоқсан айынан бастап бұл ны­санда партиялық бақылау бекеті жұмыс істейді.

Асыл ТҰМАР