Белгілі қазақстандық спортшы АҚШ-та қаза тапты: тың деректер шықты

Қазақстандық велосипедші Дінмұхамед Ұлысбаев 24 жасында өмірден өтті.

Қазақстандық велосипедші Дінмұхамед Ұлысбаев 24 жасында өмірден өтті,  – деп хабарлайды Massaget.kz.

Қазақстан велоспорт федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Дінмұхамед Ұлысбаев былтыр күзде спорттан біржола кетіп, құрама сапынан шыққан. Ол виза жасатып, АҚШ-қа өз жұмыстарымен барған.

"Әрі қарай не болғанын білмейміз. Спорт бойынша кетсе, біз анықтар едік. Өйткені ол жақтағы полиция тек әке-шешесіне хабар береді", – деп хабарлады Қазақстан велоспорт федерациясының баспасөз қызметі Massaget.kz тілшісіне.

Дінмұхамед Ұлысбаев тасжолдағы велоспорт бойынша Азия чемпионатын жеңді, әлем кубогы кезеңдерінің жеңімпазы атанды, сондай-ақ бірнеше рет  ҚР Ұлттық чемпионатының медальдарын жеңіп алды.

Қазақстанның велосипед спорты федерациясы Дінмұхамед Ұлысбаевтың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.