Көпқабатты үйдің 3-қабатындағы балкон қирады. Әйел адам жерге құлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға кеше сағат 15.30 шамасында Қазақстан көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде болған. Үшінші қабаттан құлаған әйел аман қалды. Әйел құлаған сәтте үйде кішкентай бала қараусыз қалған.
«Зардап шеккен әйелді жедел жәрдеммен шұғыл түрде ауруханаға жеткізді. Ал баланы оқиға орнынан туыстары үйіне алып кетті. Қазір әйелдің жағдайы жақсы, ол тексеруден өтіп жатыр. Денесінде сынық немесе басқа да ауыр жарақаттар жоқ», – деді басқарма өкілі.
Бұған дейін үйдің кіреберісі опырылып ер адам қайтыс болғаны туралы жазған болатынбыз.