Шымкентте аурухананың 3-қабатынан секіріп кеткен науқас көз жұмды

Оқиға №1 қалалық клиникалық ауруханада болған.

 Шымкенттік тұрғын аурухананың 3-қабатынан секіріп кетті.

Оқиға №1 қалалық клиникалық ауруханада болған. Түнгі сағат 23:10 шамасында пациент белгісіз себептермен үшінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен.

«Науқастың алған жарақатының ауырлығына байланысты аман алып қалу мүмкін болмады. Оқыс жағдай бойынша Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеру жұмыстарын жүргізуде», – делінген Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.