Сауықтыру кешені салынып жатыр

Елорда іргесіндегі Үркер елді мекеніндегі тұрғындардың талабы орындалып, соңғы жылдары бос жерлердің орнына заманауи қоғамдық кеңістіктер салынып, шағын сәулет нысандары қолданысқа беріліп жатыр.

Бүгінде үркерліктер қолжетімді интернетпен де қамтамасыз етіліп, елді мекендегі абаттандыру жұмыстары өте қарқынды жүріп жатыр. Дегенмен әлі де болса тұрғындарды толғандыратын сұрақ көп. Сондықтан Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек үркерліктердің айтарына құлақ түрді.

Тұрғындармен кездесуде көтерілген мәселелердің дені күнделікті өмірде халыққа қолайлы жағдай жасауға ба­ғытталған шаруалардың шешілу барысы болды.

«Үркер елді мекенінің белсенді тұрғындарымен кездестім. Бұл елді ме­кенде ең алдымен кәріз және электр­мен жабдықтау желісінің мәселелері ше­шілуі қажет. Қазір осы бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз. Сол сияқты кез­десуде тұрғындар жол, тротуар, әлеу­меттік нысандар, аял­дамалар салу, абат­тандыру, жарық­тандыру секілді өзге де мәселелерді көтерді», – дейді шаһар басшысы. Сонымен қатар ол мектеп мәселесі әлі де өзекті күйінде қалып отыр­ғанын жеткізді. Бүгінде Үркер елді мекенінде екі мектептің құрылысы  жүргізіліп жатқанын айтқан ол: «Оның бірі – бір ауысымды, 900 орын­ға ар­налған, екін­шісі – бір ауы­сымды, 2 мың оқушы ор­ны. Бұл мек­тептерді  келесі жылы қол­данысқа беру жоспарда бар. Ал биыл денешынық­тыру-сауықтыру кешені салынып, пайдалануға беріледі. Көтерілген мәселелерді шешу бо­йын­ша орындау кестесін әзірлейміз. Жұ­мыс кезең-кезеңімен жүргізіледі», – деді. 

Ж.АСҚАРБЕК