Қызылордадағы жаппай төбелестің видеосы тарады

Қызылордада жастар жаппай төбелеске шықты. 20 мамырға қараған түні полицияға қала тұрғындары хабарласып, жас жігіттердің төбелесіп жатқанын айтқан.

Анықталғандай, жастар екі топқа бөлініп, бір-бірімен ерегесіп, соңы төбелеске ұласқан.

«Төбелеске қатысқан 12 адамның барлығы анықталды, олар облыс орталығының 25-30 жас аралығындағы тұрғындары болып шықты. Барлығы міндетті медициналық тексеруден өткен соң, түсініктеме беру үшін полицияға жеткізілді», – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі («Бұзақылық») бойынша тергеу басталды.